Ақтауда теңізге батып кеткен 3 адамның денесі табылды
Қайғылы оқиға кеше кешкілік болған еді. Сүңгуірлер теңіз түбін бірнеше сағат бойы қарап, мәйіттерді алып шықты.
Аягөз Оралбайқызы, тілші:Иә бұл суға шомылуға тыйым салынған аумақ. Мінеки өздеріңіз көріп тұрғандай, белгі де орнатылған. Жағалаудың бұл тұсында тас көп. Соған қарамастан жастар жағы осы жерден суға секіруге құмар. Бұл маңда жыл сайын қайғылы оқиға тіркеледі. Кешегі қайғылы жағдай да тап осы жерде болып отыр. Төрт азамат суға түсіп, кері жүзіп шыға алмай қалған. Куәгерлердің бірі-бір адамды құтқарып үлгерген. Ал, қалған 3 адам құтқарушылар келгенше теңізге батып кеткен.Аман қалған азамат 26 жастағы Бейнеу ауданының тұрғыны. Ол дереу ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлердің қарауынан кейін үйіне жіберілген. Ал қаза болғандардың бірі 23 жастағы Ақтау тұрғыны. Ол 1 күн бұрын үйленген екен. Қайтыс болған тағы екі азамат Қарағандыдан осы тойға келген қонақтар болып шықты. Құтқарушылар 2 сағаттан аса уақыт теңізде іздеу жұмыстарын жүргізіп, суға батып кеткендердің денесін үш метр тереңдіктен тауып, алып шықты.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Футболдан Әлем чемпионаты қыза түсті
14.06.2026, 20:38
Былтыр Байқоңыр ғарыш айлағына 2 мыңнан астам турист келген
14.06.2026, 20:35
Балабақшада видео түсіру тәрбиешілерге артық жүктеме емес пе?
14.06.2026, 20:30
Зейнетақы жинағындағы ақшаны ерте алудың жолы қандай?
14.06.2026, 20:20
Баспана құны жоғары, сұраныс төмен: Тұрғын үй нарығын не күтіп тұр?
14.06.2026, 20:18
Еліміздің барлық өңірінде «Әділет» партиясының филиалдары құрылады
14.06.2026, 20:11
«Әділет» партиясы съезінің делегаттары «AMANAT» партиясының қосылуын қолдады
14.06.2026, 13:48
Мал шаруашылығы қызметкерлері күні атап өтіледі
14.06.2026, 12:19