13 мыңнан аса отбасы мемлекеттік көмек алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

13 мыңнан аса отбасы мемлекеттік көмек алды

29.04.2024

Табиғи апаттан зардап шеккен азаматтарға келтірілген залалды өтеу әлі жалғасып жатыр. Жалпы 13 мыңнан астам отбасы мемлекеттен көмек алды. Ал жалпы саны 22 мың 475 өтінім қабылданған. Атап айтсақ бүгінге дейін 13 мың 259 отбасы 369 мың 200 теңге көлемінде біржолғы төлем алған. Барлығы 4,8 млрд теңгеден асады.

Ал мал шығыны үшін төленетін өтемақы 278 млн теңгеге өсті. Су тасқыны болған өңірлердегі залал келген 4 мыңға жуық тұрғын үй тексеріліп, 2 мың 649 нысанға бағалау жұмыстары жүргізілді. Үйі суға кеткен 35 отбасыға жаңа баспана берілді. Ал 524 үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 670 млн теңгеден астам қаржы бөлінді.


Хабарламаларға жазылу