«Луна-25» аппараты Айға соғылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Луна-25» аппараты Айға соғылды

21.08.2023

Ресейдің 1976 жылдан бері алғаш рет ғарышқа ұшырған «Луна-25» аппараты Айға соғылып, қирады. Осылайша Жердің табиғи серігін зерттеуге бағытталған миссия сәтсіз аяқталып отыр.

Ресейдің жаңа тарихындағы бірінші Ай сапары тамыздың 11-де «Восточный» космодромынан басталды. Ғарыштық зонд Айға бүгін қонуы тиіс еді. Алайда, «Роскосмостың» мәлімдеуінше, кешеден бері «Луна-25» аппаратымен байланысқа шығу мүмкін болмай отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу