Астанада Әлішер Сүлейменов киноновелласының көрсетілімі болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Әлішер Сүлейменов киноновелласының көрсетілімі болады

27.02.2015
Астанада Әлішер Сүлейменов киноновелласының көрсетілімі болады

28 ақпан күні Астанадағы «Сары - Арқа» сауда үйінде қазақстандық кинорежиссер Әлішер Сүлейменовтің «Луна любит Солнце» атты киноновелласының көрсетілімі болады.

Бұл – режиссердің алғашқы «Птица» атты новелласынан кейінгі 25 жылдан соң жарыққа шыққан туындысы. Картинаның ұзақтығы – 15 минут.

Көрсетілімнен соң, баспасөз мәслихаты ұйымдастырылмақ.

Хабарламаларға жазылу