Шымкентте 40 жастағы тұрғыннан Қырым қанды безгегі анықталды
Шымкентте 40 жастағы тұрғыннан Қырым қанды безгегі анықталды. Қожалықта мал бағып жүргенде кене шаққан азаматтың дене қызуы көтеріліп, өзін жайсыз сезінген. Ауруын әбден асқындырып барып ауруханаға жеткізілген. Қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, науқаспен қарым-қатынаста болған 21 адам оқшауланған. Қазір дәрігерлердің бақылауында. Жағдайлары қалыпты дейді мамандар. Айта кетейік, жыл басынан бері шаһарда 600 ден астам тұрғынды кене шағып, медициналық көмекке жүгінген.
Азамат Тасболтаев, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы:
Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігер - инфекционист мамандарымен конго қырым қанды геморрагиялық қызбасы расталған жағдай ауыр дәрежелі диагнозы қойылған. Қарым-қатынаста болған барлық отбасы мүшелері, қаралған медициналық мекемедегі қызметкерлер барлығы 14 күндік медициналық бақылауға алынды.
Айнұр Әбілқасымқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03
Мектеп мұғалімі 16 мың кітап оқыған
18.09.2026, 20:02
Кітап оқып, 10 миллион теңгеге ие бол!
18.09.2026, 20:00
Үлкен тенниске қызығатын балалар көбейіп келеді
18.09.2026, 17:33
Қарағанды облысында жастар құқықтық сауатын жетілдіруде
18.09.2026, 17:30
Ел жаңалықтарына шолу
18.09.2026, 17:25