Кітап оқып, 10 миллион теңгеге ие бол!
Кітап оқып, 10 миллион теңгеге ие бол! Шарт қарапайым. 10 млн теңгені алу үшін кітап оқу керек. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев айтты. Президенттің Жарлығы аясында қолға алынған «Жылдың 10 оқырманы» жобасы ел көлемінде өтеді. Барша халық қатыса алады. Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев «Парасат» арнайы санатына тіркеліп, көшбасшылық пен мемлекетке қызмет ету тақырыбындағы 15 кітапты оқуға кірісті.
Арман Қырықбаев, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі:
Бұл санатта сыйақы немесе жүлде қарастырылмаған. Оның мақсаты - елге белгілі азаматтардың қоғаммен ой бөлісіп, кітап оқудан жастарға өнеге көрсету. Жобаның ұйымдастырушысы ретінде емес, ел азаматы ретінде мен де марафонға қатысамын. Үкімет мүшелері, Құрылтай депуттары мен жалпы танымал тұлғаларды осы санат бойынша марафонға қатысуға шақырамын.
Бұл жобаға қатысу үшін экранда көрсетілген reading-nation.kz сайтына кіріп, тіркелу керек. Игі бастамаға қызыққандардың қатары қалың. Екі аптаның ішінде осы платформаға қосылғандар саны 1 миллион 250 мыңнан асқан. Сайтқа тіркеліп, жарты жылда 15 кітап оқып, 10 миллион теңгені кез келген оқырман жеңіп алуына болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы