Талдықорғанда 3 кәсіпкер жаза арқалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда 3 кәсіпкер жаза арқалады

11.08.2023

Талдықорғанда 162 млн теңге бюджет қаржысын ұрлаған серіктестік басшылары сотталды. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, олар коммуналдық мекемемен «ПИК» қызметін автоматтандыруды бағдарламалық қамтамасыз ету қызметін мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан. Алайда жұмыс істемейтін бағдарламалық өнімді жеткізген. Үш кәсіпкер кінәлі деп танылып, сот үкімімен 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар мемлекеттік сатып алуға қатысты қызметпен өмір бақи айналыса алмайды.


Серік Селеубайұлы 

Хабарламаларға жазылу