Қостанай облысында 1500 қой мен малшы өртеніп кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында 1500 қой мен малшы өртеніп кетті

10.07.2017

Алдын ала болжам бойынша қойшы найзағай отынан қаза тапқан болуы мүмкін.  Оқыс оқиға Жангелді ауданының Көкалат елді мекені аумағында болды.

Жапан түзде мал бағып жүрген шопан дала өртіне тап болған. Өрт 5 шілде күні тұтанып,  үш күнде 320 мың гектар алқапты жайпап үлгерген. Тілсіз жау сегізінші шілде күні бір-ақ сөндірілді.  Қазір өрттің шығу себебін арнайы комиссия тексеріп жатыр.  

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу