Солтүстік Қазақстан облысында жай отынан 3 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстан облысында жай отынан 3 адам қаза тапты

19.06.2017

Қайғылы оқиға осыдан бірнеше күн бұрын Уәлиханов ауданы Бидайық ауылында болған. Жаңбырлы күні өрістен мал айдап әкелмек болған 12 жасар бала найзағай отынан опат болды. Оқиға орнына көмекке келген 2 азаматқа да жай түсіп сол жерде қайтыс болды. Мамандардың айтуынша, мұндай төтенше жағдай жыл сайын тіркеледі, бірақ, биыл адам өлімі көбейген. 

Хабарламаларға жазылу