Бангладеште екі күнде найзағай түсіп 50-ден астам адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бангладеште екі күнде найзағай түсіп 50-ден астам адам қаза тапты

14.05.2016
Бангладеште екі күнде найзағай түсіп 50-ден астам адам қаза тапты

Бангладеште найзағай ұру салдарынан 50-ден адам астам қаза тапты, деп хабарлады елдің полициясы. Қаза тапқандардың басым бөлігі - күріш алаңында жұмыс істеп жатқан фермерлер.

Құрбандардың ішінде астанадан екі студент бар, олар футбол ойнап жатқан болатын, манго тұқымын жинап жатқан жасөспірім де найзағай соғып көз жұмды.

Найзағай - Бангладештегі жиі орын алатын табиғи құбылыс. Биыл жылдағыдан да күштірек болуда, деп жазады шетелдік БАҚ.

Сарапшылар зілзаланы орташа жылдық температураның өсуімен, орманның жоғалуымен байланыстырады.

 

Хабарламаларға жазылу