Сенат төрағасы тілдер күнімен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат төрағасы тілдер күнімен құттықтады

05.09.2023

Бүгін ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, Қазақстан халқының тілдері күнімен құттықтады.

«Ахмет Байтұрсынұлы ақын, тіл және әдебиет саласындағы ғалым, саясаткер, публицист, педагог болды. Ол Халқына «Қырық мысал» арқылы үн қатып, қазағын «Маса» болып оятуға талпынды. Осылайша ұлтымызды қаламгерлігімен де, қайраткерлігімен де егемендікке жетеледі. Осындай ардақты арысымыздың есімін ұмытпау – ортақ міндет. Былтыр Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өткені белгілі. Алдағы уақытта да біртуар тұлғаның мол мұрасы мен өнегелі өмірін дәріптейтін тың бастамалар іске асырыла береді. Ұлттық мүддені көздейтін Тілдер күні құтты болсын! Ана тіліміздің аясы кеңейе берсін!» – делінген жазбада.


Аида Ахметбек

Хабарламаларға жазылу