Солтүстік Қазақстанда «Ауыл аманаты» жобасы бойынша өтінім қабылдау тоқтатылды
Солтүстік Қазақстанда «Ауыл аманаты» жобасы бойынша өтінім қабылдау тоқтатылды. Республикалық қазынадан бөлінген 1,8 млрд теңге толықтай игерілді. Облыста 250 адам жеңілдетілген несие алуға өтініш берді. Мемлекетік қолдауды пайдаланып, ата кәсіпті дамытуды мақсат еткендердің бірі – Дулат Қаймақов. Ауыл тұрғыны 8 млн 600 мың теңге несие рәсімдеп, сауын биелер сатып алған.
Дулат Қаймақов, кәсіпкер:
Биыл кәсіпкерлерге арналған курсқа қатыстым. Қазір малдан пайда көріп жатырмыз. Қымызға сұраныс жоғары. Сондықтан жылқы бағамыз.
Аталған жобаның басты мақсаты – елдімекендерде тұрып жатқан халықтың табысын арттыру. Бағдарлама – ауыл тұрғындарына ғана арналған. 2,5 пайыздық несиені рәсімдеген азаматтар қарызды 7 жылда өтеуге міндеттеледі.
Талғат Жұмабеков, «Солтүстік» ӘКК бөлім жетекшісі:
Халық ерекше белсенділік танытты. Бөлінген қаржы осылайша тез иегерілетінін күтпеген едік. Қазір ұсынылған жобаларды қарастырып жатырмыз. 250 өтініштің 160-ы мақұлданды. Ай соңына дейін қорытынды жасалады.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«SuperStar KZ»: Кастинг 4-26 сәуір аралығында өтеді
31.03.2026, 20:57
Жаңа модульді робот
31.03.2026, 20:55
Ұлттық құрамалар толық спорттық киіммен қамтылды
31.03.2026, 20:53
Шымкентте жыл басынан бері жол апатынан 6 адам қаза тапты
31.03.2026, 20:17
БҚО-да қоғамдық көлік мектеп автобусына соқтығысып, үш адам ауруханаға түсті
31.03.2026, 20:16
2,5 мыңнан астам қазақстандық студент Таяу Шығыс елдерінде оқып жатыр
31.03.2026, 20:14
Судьялар Жамбылдың жырын оқып жарысты
31.03.2026, 20:12
WSJ: Трамп Таяу Шығыстағы соғысты аяқтауға ниетті
31.03.2026, 20:12