Өңірлерде 2,5 мыңға жуық әкімдік гранты бөлінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өңірлерде 2,5 мыңға жуық әкімдік гранты бөлінді

10.08.2023

Биыл өңірлердегі сұранысқа ие мамандықтарға 2,5 мыңға жуық әкімдік гранты бөлінді. Педагогика мен медицина мамандықтарына басымдық берілген. Грант саны бойынша Астана қаласы көш бастап тұр. Әкімдік талапкерлерге 1 068 грант бөлді. Шығыс Қазақстан облысы 270, Абай облысы 200 грант қарастырып отыр. Алғашқы бестікті 175 грантпен Маңғыстау және 160 грантпен Ақмола облыстары қорытындылайды.

Алматы мен Шымкент қаласы, Қызылорда, Түркістан және Павлодар облыстарының әкімдіктері биыл грант бөлген жоқ. Айта кетейік, құжаттар жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясында қабылданады. Әкімдік грантына өтініш беру мен конкурс қорытындысын шығару мерзімін әр өңір өзі бекітеді.

Астана – 1 068

ШҚО – 270

Абай облысы – 200

Маңғыстау облысы – 175

Ақмола облысы – 160

Жетісу облысы – 100

Алматы облысы – 95

Ұлытау облысы – 90

БҚО – 86

Атырау облысы – 80

Жамбыл облысы – 55

Ақтөбе облысы – 38

Қарағанды облысы – 20

СҚО – 18

Қостанай облысы - 15


Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу