Мүмкіндігі шектеулі жандар қайырымдылық қорларының грантына кәсібін бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мүмкіндігі шектеулі жандар қайырымдылық қорларының грантына кәсібін бастады

24.12.2014
Мүмкіндігі шектеулі жандар қайырымдылық қорларының грантына кәсібін бастады

Баян Сәрсенбаеваның бизнес жобасы жүзден жүйрік шығып, грантқа ие болды. Бұрын тігіншілікпен үйде айналысса, енді тігін шеберханасын ашып, кәсібін жолға қойды.

Гүлсайра Ғатауова да грант алысымен көптен көкейінде жүрген істі жүзеге асырды. Қажетті құрал-жабдықты сатып алып, өзі сияқты кембағал жандарға компьютер курсын ашты. Жуырда алғашқы түлектері бітіріп шықты.

Кәсіп иелеріне «Арба» қоғамдық қоры жан-жақты қолдау білдіріп отыр.

 

Рауан ДИӘЛИ

Хабарламаларға жазылу