Түркияның Дериндже портында жарылыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияның Дериндже портында жарылыс болды

08.08.2023

Түркияның Дериндже портында жарылыс болды. Астық терминалында болған апаттан 12 адам зардап шеккен. Олардың үшеуі мүшкіл халде. Оқиға астықты элеваторға тиеу кезінде болды. Жарылыстың күштілігі соншалық, одан портқа жақын үйлердің әйнектері сынып, айналаға қою шаң көтерілген.

Оқиға орнына өрт сөндіру, құтқару қызметі, дәрігерлер, полиция барды. Әзірге жарылысқа не себеп болғаны белгісіз. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 


Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу