Түркістан облысында 10 мыңнан астам шетел көлігі заңдастырылды
Түркістан облысында жыл басынан бері 10 мыңнан астам шетел көлігі заңдастырылды. Ағымдағы жылдың 30 шілдесіне дейін көлік тізгіндеушілерден мемлекеттік тіркеу нөмерін алуға 19 мыңнан аса өтініш түскен. Оның ішінде 250 автокөлік конструкторлық жолмен бөлшектеніп әкелінген көліктер саналады.
Қазір өңірдің тәртіп сақшылары шетелдік көліктерді уақытша тіркеу бойынша енгізілген өзгерістердің тәртібін түсіндіріп жатыр. Нәтижесінде 5 жыл мерзімге уақытша есепке алу бойынша жалпы 297 өтініш түскен. Оның ішінде 289 автокөлік құралы уақытша тіркеуге алынса, 8 көлік құралы уақытша тіркеуге алынбаған.
Алмасхан Тастанбеков, Түркістан облыстық пд әкімшілік полиция басқармасының бастығы:
Ол көлікті 5 жылға тіркеген кезде шектеу болады. Көлікті азаматтарымыз басқа азаматтарға ешқандай сатуға немесе өткізуге құқықтары жоқ. Және бұл көліктермен шетелге шыға алмайды. 19 мыңдай азаматымыз ұсыныс берген, өтініш берген. Соның 13 мыңдайы тіркелді. 6 мыңдай азамат әртүрлі шектеулер бойынша тіркеле алмай қалды.
Айнұр Әбілқасымқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауылда жауынгерлік Даңқ музейі ашылды
08.05.2026, 20:29
Ардагерлерге жыл бойы әлеуметтік көмек көрсетіледі
08.05.2026, 20:28
Өзен жағалауын тазартып жүрген азамат ел алғысына бөленді
08.05.2026, 20:26
Жол қозғалысы ережелеріне бірқатар өзгеріс енгізілді
08.05.2026, 20:15
Балаларға арнайы көмек кабинеттері ашылады
08.05.2026, 20:15
Түркістанда 286 мың гектар аумақты шегіртке жайлаған
08.05.2026, 20:15
Бала қауіпсіздігі – басты міндет
08.05.2026, 20:14
Цифрландыру – ел дамуының көрсеткіші
08.05.2026, 20:12