Шымкентте білім басқармасының мамандары сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте білім басқармасының мамандары сотталды

02.08.2023

Шымкентте білім басқармасының мамандары жемқорлық үшін сотталды. Қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты екі маманға 36 млн теңге көлемінде айыппұл салу жөнінде үкім шығарды. Сотталғандар мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Айта кетейік, айыпталушылардың сот отырысы кезінде балабақшалардың субсидиялау шарттарына кедергісіз қол қойғаны үшін 100 мыңнан 500 мың теңгеге дейін пара алып отырғаны дәлелденген. Әрі бұл қаражатты мектепке дейінгі мекемелердің басшылары жүйелі негізде беріп келген. 


Айнұр Әбілқасымқызы 

Хабарламаларға жазылу