Атырау облысы әкімінің экс-орынбасары Н.Сайлауоваға қатысты сот үкімі шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысы әкімінің экс-орынбасары Н.Сайлауоваға қатысты сот үкімі шықты

07.02.2020

Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Нұрсәуле Сайлауова мен білім беру саласының қызметкерлеріне қатысты даулы іске нүкте қойылды. Бір жылға жуық қаралған сот процесінде лауазымдық өкілетін асыра пайдалану, кәсіпкерлерден пара алу, мемлекет қаржысын жымқыру, көрсетілмеген қызметті қабылдап алу секілді 16 қылмыстық дерек бойынша 8 адамға айып тағылды.

Нұрсәуле Сайлауова мен Білім беру басқармасының басшысы Қайырғали Кенжеғалиев 2 жылға, және оның орынбарасы Роза Қабдолова 4 жылға, әдістемелік орталықтың директоры Ғабит Қабекенов пен «Дарын» мектебінің бас есепшісі Назымгүл Мәжитова 3 жыл мерзімге сотталды. Сондай-ақ, олар өмір бойына мемлекеттік мекемелерде қызмет ету құқығынан айырылды.

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу