Шымкент қаласында олимпиаданы ұйымдастыру комитетіне қатаң сөгіс берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкент қаласында олимпиаданы ұйымдастыру комитетіне қатаң сөгіс берілді

28.03.2023

Шымкент қаласында өткен білім сайында оқушылардың жаппай тамақтан улануына қатысты олимпиаданы ұйымдастыру комитетіне қатаң сөгіс берілді. Оқу ағарту министрінің қатысуымен өткен жиында жүктелген міндетті дұрыс орындамағаны үшін «Дарын» республикалық ғылыми тәжірибелік орталығының директоры, орта білім беру комитеті әдістемелік және қамтамасыз ету басқармасының басшысы және орта білім беру комитеті төрағасының міндетін атқарушы тұлға тәртіптік жазаға тартылды. Естеріңізге сала кетсек, өткен аптада Шымкентте ұйымдастырылған жаратылыстану пәндері бойынша өткен білім сайысында 14 оқушы астан уланып, тағы біреуі шешек аурымен ауруханаға жатқызылған болатын.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу