Елімізде оқушылар саны жөнінен ең көп өңір саналатын Түркістан облысында жаңа оқу жылында 6 мектеп пайдалануға беріледі. Одан бөлек аймақта тағы 27 білім ошағы салынуда. «20 мектеп күрделі жөндеуден өткізіліп жатса, 11 мектеп 1 қыркүйекке дейін дайын болады», - дейді салаға жауаптылар. Десе де өңірде әлі 8 апатты, 9 үш ауысымды мектеп бар. Сонымен қатар жаңа оқу жылында бастауыш сыныпта оқитын 200 мыңнан астам бала толықтай ыстық тамақпен қамтылады деп күтілуде.
Оған облыстық бюджеттен 6,5 млрд теңге қаралған. Ал «Мектепке жол» акциясы аясында 1 млрд 300 млн теңге бөлініп отыр. Сала мамандарының сөзінше, аталған қаржы әлеуметтік жағдайы төмен отбасында тәрбиеленіп жатқан 10 мыңға жуық баланы мектепке дайындауға жұмсалмақ.
Айгүл Қасымбекова, Түркістан облыстық білім басқармасының бөлім басшысы:
Оларға мемлекет тарапынан биылғы жылы 40 мың теңгеден беріледі. Ол АСП алатын отбасының балалары. Одан кейін АСП алмайтын, күн көріс деңгейі шектік деңгейге жетпейтін отбасының балалары. Жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар және төтенше жағдайға тап болған отбасының балалары.
Айнұр Әбілқасымқызы