Еліміздің жылу электр станцияларын жаңғыртуға 460 миллиард теңге жұмсалмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің жылу электр станцияларын жаңғыртуға 460 миллиард теңге жұмсалмақ

28.07.2023

Еліміздің жылу электр станцияларын жаңғыртуға 460 миллиард теңге жұмсалмақ. Энергетика министрлігінің хабарлауынша, қазір жылу мен жарық өндіретін ұйымдармен инвестициялық келісім жасалды. Оған сай станциялар 2026 жылға дейін толық жаңғыртудан өтуі керек. Қазір Қарағанды, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстарында тиісті жұмыстар басталып кетті. Министрлік осы арқылы тозған жылу электр желілері мен станцияларды қалпына келтірмек. Олардың орташа қызмет ету мерзімі 60 жылдан асып кеткен.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу