Петропавлда апатты жылу қазандығында жөндеу жұмыстары басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда апатты жылу қазандығында жөндеу жұмыстары басталды

07.06.2022

Мамандар Петропавл жылу электр орталығының мұржасын бұзуға кірісті. Екі ай бойы жүргізілген сараптама оның жарамсыз екенін көрсеткен.

Естеріңізге сала кетсек, биыл 20-наурыз күні жылу орталығының алып мұржаларының бірі опырылып құлаған. Үйіндінің астында қалған жұмысшы қайтыс болды. Биіктігі 10 метірлік нысанды мамандар қолмен бөлшектейді. Қазір стратегиялық нысаның аумағы қоршалып, қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Дмитрий Захаров, Петропавл Жылу электр орталығы директорының міндетін атқарушы:

Тамыз айына дейін бәрін бұзып үлгеруіміз қажет. Өйткені тағы бір ай уақыт үйіндіні тазартуға кетеді. Қираған мұржаға қосылған қазандықтарды басқаларына ауыстырып жатырмыз. Жылыту маусымын 9 қазандықпен бастауды жоспарлап отырмыз. Түтін мұржасын бұзуға шамамен 150 миллион теңге жұмсалмақ.


Хабарламаларға жазылу