Премьер-министр: Энергетика саласына қатысты бақылау күшейеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Премьер-министр: Энергетика саласына қатысты бақылау күшейеді

16.01.2024

Ээнергетикада түйткіл көп. Олардың басым бөлігі бүгін үкіметте талқыланды. Премьер-министр бұл саладағы жобаларды іске асыру созылып кеткенін сынға алды. Әлихан Смайылов жауаптыларға Екібастұз ГРЭС екінің үшінші энергоблогындағы жұмысты 1 ай ішінде бастауды тапсырды. Батыс энергетика аймағын бірыңғай ұлттық жүйеге қосу мәселесі де шешімін таппай келеді. Еске салсам, шілдеде Атырауда апат болып, тұтас облыс жарықсыз қалған. Мұнай өңдеу зауыты да орасан шығынға батты. Сондықтан Кегок компаниясына биыл Ақтөбе-Атырау электр желісінің құрылысын бастау жүктеліп отыр. Үкімет басшысы осы бағыттағы әкімдердің жұмысы сылбыр деп сынға алды.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:

Әкімдіктер өңірлік электр желілерін дамыту жұмыстарынан шеттеп қалды. Өңірлік электр желі компаниялары өздерінің инвестициялық бағдарламаларының жасалуы мен орындалуын бақылап отырған жоқ. Бұған желтоқсан айында еліміздің солтүстік өңірлеріндегі жаппай өшіп қалуы дәлел.

ЕЛІМІЗДЕ 4 ЖЫЛУ ЭЛЕКТР ОРТАЛЫҒЫ САЛЫНАДЫ

Энергетика министрлігі 2030 жылға қарай елімізде электр қуатының тапшылығы болуы мүмкін деп болжады. Алмасадам Сәтқалиевтің сөзінше ол 6,2 гигават, яғни 20 пайыздан асуы мүмкін. Осыған байланысты жоспар әзірленді. Жезқазғанда қуаты 500 мегават болатын жылу электр орталығы салынады. Ол 2029 жылы пайдалануға беріледі. Сонымен қатар ресейлік компаниялар Көкшетау, Семей және Өскеменде стансалар салады. Олардың құны 270-330 млрд теңге шамасында болмақ.

Алмасадам Сәтқалиев ҚР энергетика министрі:

Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Шымкент қалаларында жалпы қуаты 2,4 гигават газ станцияларын салу жоспарланып отыр.+ Осы жобаларды іске асыру энергия жүйесіндегі тапшылығы және қажетті қуат резервімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу