«Қазақэнергосараптама» АҚ Дүниежүзілік банктен 100 млн доллар қарыз алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақэнергосараптама» АҚ Дүниежүзілік банктен 100 млн доллар қарыз алады

04.03.2021

«Қазақэнергосараптама» АҚ Дүниежүзілік банктен 100 млн доллар қарыз алады. Ақша 500-ге жуық әлеуметтік маңызы бар нысанды жаңғыртуға жұмсалмақ. Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институтының хабарлауынша, осы арқылы 3 млрд теңге бюджет қаржысы үнемделеді. Бұған дейін Қарағандыдағы мектепте энергия ресурстарын жылдық үнемдеуден 1 млн теңге табыс түскен. Сарапшылар жобадан 4,5 млрд теңге бюджетке салық түседі деп болжап отыр.

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу