Ресейде 1 тамыздан бастап сандық рубль айналымға шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде 1 тамыздан бастап сандық рубль айналымға шығады

26.07.2023

Ресейде 1 тамыздан бастап сандық рубль айналымға шығады. Бұл ұлттық валютаның тағы бір түрі болып саналады. Арнайы платформада цифрлық рубльмен операциялар жасалады, ал ақпараттық жүйенің операторы тек Ресей Банкі болады. Заңға сәйкес, Орталық банк сандық рубль шоттары, олардағы қалдықтар және пайдаланушылардың операциялары туралы құпияға кепілдік береді.

Жеке тұлғалар үшін бұл валютамен операциялар тегін болмақ, ал заңды тұлғалар үшін комиссия төлемнің 0,3 пайызы. Мамандардың айтуынша, сандық рубль криптоақша емес, ол бірінші кезекте жемқорлық және алаяқтықпен күреске бағытталған. Айта кетейік, былтыр Ресейде алаяқтар тұрғындардың есепшоттарынан 14 млрд рубль жымқырған.

Евгений Змиев, экономист:

Ұрланған ақшаның тек 5 пайызы, яғни 618 миллион рубль ғана иелеріне қайтарылды. Алаяқтардың табысы 95 пайыз. Бұл өте үлкен мәселе. Қазіргі таңда екінші деңгейлі банктер дербес деректерді дұрыс қорғай алмайды. Азаматтар туралы жеке мәліметтер алаяқтарға қолжетімді. Сондықтан дербес деректерді сақтамаған банктерді лицензиясынан айыру керек.


Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу