Италияның бірнеше жерінде орман өрті тұтанды
Италияның Сицилия аралында бірнеше жерден орман өрті тұтанды. Тілсіз жау Палермо әуежайына жақын маңды да шарпыған. Әуе айлағы бірнеше сағатқа жабылды. Өрттен теміржол көлігіне зақым келген. Тұрғындар эвакуацияланды. Аптап ыстық та елді әбігерге салып отыр. Сынап бағанасы 47 градустан жоғары көтерілген.
Катанияда жоғары температурадан жарық пен су сөндірілді, себебі жүйенің шамасы жетпей жатыр. 500 мыңдай тұрғын электр қуатынсыз қалды. Электр энергиясының өшуі салдарынан бірнеше үйде су тоқтаған. 300 мың адам тіршілік нәрінен қағылған.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыӨскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 10:11
Алматыда өнертанушы Мұхамеджан Әлімбаевтың 75 жылдығына арналған көрме ашылды
22.10.2026, 10:09
Брюссельдегі әйгілі мүсінге қазақтың шапаны кигізілді
22.10.2026, 10:08
Павлодар облысында тауарларға жеңілдік апталығы жарияланды
22.10.2026, 10:06
Кремль Украина мәселесі бойынша үшжақты келіссөзге дайын
22.10.2026, 10:04
Адамның араласуынсыз тапсырма орындайтын ЖИ жүйелері талқыланады
22.10.2026, 10:01
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30