Оңтүстік Кореяда орман өртінен 1 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Кореяда орман өртінен 1 адам қаза тапты

05.04.2019

Сонымен қатар, мыңдаған тұрғын  үйлерін тастап, қашуға мәжбүр болған. Тілсіз жау елдің шығысындағы Кангвондо провинциясының бес қаласын шарпыған. Соның салдарынан, шамамен 385 гектар алқап пен 310 үй өртеніп, төтенше жағдай жарияланып отыр. Ел президенті Мун Джэин, апатты ауыздықтау үшін бар күшті жұмсауға бұйырды. Биліктің хабарлауынша, өртті сөндіруге 45 тікұшақ, 77 машина және 13000 адам жұмылдырылған. Ал, панасыз қалған 4 мыңнан астам адам мектеп ғимараттарына орналастырылды. Қазір келген шығын көлемі мен өрт себептері анықталып жатыр.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу