Индонезияда су тасқынынан 29 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Индонезияда су тасқынынан 29 адам қаза тапты

29.04.2019

Индонезияның Суматра аралында алапат су тасқынынан кемінде 29 адам қаза тапты. Сонымен қатар, 10-нан астам тұрғын жоғалып кеткен. Бұл туралы елдің табиғи апат салдарымен күресу жөніндегі агенттігі хабарлады.

Тасқынға бірнеше күн бойы толассыз жауған тропикалық жауын себепші. Оның кесірінен Индонезияның оңтүстік-батысындағы Бенгкулу провинциясында үйлерді су басып, 12 мыңға жуық тұрғын эвакуацияланды.

Құтқару жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр. Дегенмен, жауын-шашын әлі тоқтаған жоқ. 

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу