Индонезияның Сулавеси аралында караоке барындағы өрттен 12 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Индонезияның Сулавеси аралында караоке барындағы өрттен 12 адам қаза тапты

26.10.2015
Индонезияның Сулавеси аралында караоке барындағы өрттен 12 адам қаза тапты
Жергілікті полиция өкілдерінің мәлімдеуінше, қайтыс болғандардың көбі түтіннен уланған.

Алдын ала деректерге жүгінсек, апатқа электр сымының тұйықталуы себеп болған.

Куәгерлердің айтуынша, ғимарат отқа оранғанда адамдарға терезелерден секіруге тура келген. Өйткені, үшінші қабатта орналасқанына қарамастан, бардан шығатын есік біреу ғана болған.

Мадина МҰҚАНОВА

Хабарламаларға жазылу