ШҚО-да тау бөктеріндегі өртті ауыздықтау қиынға соғып тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да тау бөктеріндегі өртті ауыздықтау қиынға соғып тұр

21.07.2023

Шығыстағы Қатон-Қарағай ауданының тау бөктеріндегі өртті ауыздықтау қиынға соғуда. Берел орманды аймағы тік жартасты. Қызыл жалын 1700 метр биіктіктегі таулы аумақты жайпап барады. 3 гектар жерде жайқалған жасыл-желек отқа оранды. Орманшылар мен өрт сөндірушілер құз басына атпен жетіп, амалдауда. «МИ-8» тік ұшағы да су сеуіп жүр. Жалпы жалынды сөндіруге 160-қа жуық адам жұмылған. 13 техника мен 3 тікұшақ тартылды.


Олжас Керейхан

Хабарламаларға жазылу