Батыс Австралияда орман өртеніп, 60 мың гектар аумақ күлге айналды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Австралияда орман өртеніп, 60 мың гектар аумақ күлге айналды

07.02.2022

Батыс Австралия штатында жаз маусымы қиынға соғып тұр. Мұнда ауаның температурасы рекордтық деңгейге көтеріліп, адамдардың өміріне орасан қатер төндіріп жатыр.

«ВВС» телерадиокорпорациясының хабарлауынша, сынап бағанасы 40 градусқа дейін көтерілген. Бұған қоса, өңірде жел тұрып, өртті қаулатып, соның салдарынан талай үй қирап, 60 мың гектар аумақ күлге айналды.

Құрбандар туралы мәлімет түскен жоқ. Қазір тілсіз жау қаупіне душар болған аудандарда құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу