«Болашақ» бағдарламасы аясында шетелдердегі жоғары оқу орындарынан қалай тағылымдамадан өтуге болды? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Болашақ» бағдарламасы аясында шетелдердегі жоғары оқу орындарынан қалай тағылымдамадан өтуге болды?

19.07.2023

«Болашақ» бағдарламасы аясында шетелдердегі жоғары оқу орындарынан қалай тағылымдамадан өтуге болды? Қазақстан Халқы Ассамблеясының ғылыми-сарапшылық кеңесінің отырысында бүгін осы тақырып кеңінен талқыланды. Сонымен бірге, ғалымдар үшін "500 ғалым" жобасы шеңберінде жасалған мүмкіндіктер жайы мен біліктілікті арттыру бойынша оқу-практикалық іс-шаралардың маңызы сөз болды. Кеңес төрайымының айтуынша, тағылымдаманың ғалымдарға берері мол. Этникааралық қатынастар мен патриоттық тәрбие туралы зерттеулерге қанық болады, дейді. Бұдан бөлек, жиында этносаралық қатынастарға сыртқы қақтығыстардың идеологиялық әсері контекстінде ақпараттандыру жайын қарастырды.

Айгүл Сәдуақасова, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің төрайымы:

«Syracuse University» негізінде тағылымдамадан өтіп келдім. Сондай қандай жаңа білім, жаңа тәсілдер, жаңа зерттеу тәсілдері бар екенін бүгін соны әріптестеріммен бірге талқылауға, сол тәжірибеммен бөлісуге арнап отырмын. Алда да осындай шетел университеттерімен жақсы қарым-қатынас орнатып және де осы «Болашақ» бағдарламасымен көбірек ғалымдарды мүмкіндікті қолдана білсек біздің ғылыми зерттеу әлеуметіміз жоғарылай түседі деп ойлаймын.


Хабарламаларға жазылу