Үндістан Қазақстан азаматтарына жоғары оқу орындарында білім алу стипендиясын ұсынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістан Қазақстан азаматтарына жоғары оқу орындарында білім алу стипендиясын ұсынады

08.01.2015
Үндістан Қазақстан азаматтарына жоғары оқу орындарында білім алу стипендиясын ұсынады

Үндістан үкіметі Қазақстан азаматтарына Үндістанның жоғары оқу орындарында білім алу үшін 2015-2016 жылдарға арналған стипендиясын ұсынады.

Стипендия бакалавриат, магистратура, сондай-ақ, PhD докторантура деңгейлерінде білім алу мақсатында және әлеуметтік-гуманитарлық ғылым мен орындаушылық өнер саласында ғылыми тағылымдамадан өтуге беріледі, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Білім, ғылым және халықаралық ынтымақтастық департаменті.

Үміткерлерге қойылатын басты талап білім алу үшін ағылшын тілін тиісті деңгейде білуі қажет. Сонымен қатар, магистратура, PhD докторантура деңгейлері бойынша білім алу және сәулет пен театрлық өнер саласында ғылыми тағылымдамадан өту үшін болашақ ғылыми жұмыстары бойынша қысқаша аннотация ұсыну тиіс.

Стипендия MBBS/MD/MS/BDS курстарына берілмейді.

Толық ақпаратпен www.iccrindia.net ресми сайтында танысуға болады.

Құжаттарды 2015 жылдың 15 қаңтарға дейін мына мекенжай арқылы қабылдайды: Астана қаласы, сол жағалау, С15А Дипломатиялық қалашық, Үндістан елшілігінің мәдени орталығы.

Хабарламаларға жазылу