Биыл 182 қазақстандыққа «Болашақ» стипендиясы берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл 182 қазақстандыққа «Болашақ» стипендиясы берілді

22.06.2023

Биыл 182 қазақстандыққа «Болашақ» стипендиясы берілді. Оның 150-ге жуығы магистратурада, 7 адам докторантурада білім алады. 26 азамат әлемнің жетекші жоғары оқу орындары мен өндірістік орталықтарында тағылымдамадан өтеді. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен өткен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысында айтылды. Дүниежүзінің маңдайалды ғылыми орталықтарынан тағылымдамадан өту үшін 330-ға жуық қазақстандыққа грант берілді. «Болашақ» стипендиясына құжаттар қабылдау қыркүйек айының ортасына дейін, ал ғылыми тағылымдамадан өту бағдарламасына конкурстық іріктеу қазан айының ортасына дейін жалғасады. 

Хабарламаларға жазылу