Қырым түбегіндегі әскери полигонда өрт тұтанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырым түбегіндегі әскери полигонда өрт тұтанды

19.07.2023

Қырым түбегіндегі әскери полигонда өрт тұтанды. Кейбір мәліметтерге қарағанда, оқ-дәрі қоймасында жарылыстар болған. Дегенмен бұл ақпарат әзірге ресми расталған жоқ. Өрт Киров ауданындағы әскери полигонда болды. Осыған байланысты 4 елдімекендегі 2 мыңнан аса адам қауіпсіз жерге көшірілді. Түбектің шығысындағы автожолдарда қозғалыс тоқтаған. Өртке не себеп болғаны әзірге белгісіз. 

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу