Ресейде химиялық зауыт өртенді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде химиялық зауыт өртенді

29.06.2023

Ресейдің Нижний Новгород қаласындағы химиялық зауытта өрт тұтанды. Оқиға орнынан қара түтін будақтап жатыр.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәлімдеуінше, бір адам қаза тапқан. Тілсіз жау алдымен химиялық заты бар цистернада басталған. Кейін өндірістік нысанның бірнеше көлік тұрағын шарпыды.

Қазір өрт бақылауға алынды. Қызыл жалынмен күреске ондаған өрт сөндіруші маман жұмылдырылған. Зауытта қауіпсіздік талаптарын сақтамау ісі бойынша тергеу басталды.


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу