«Shell» xимиялық зауытында өрт тұтанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Shell» xимиялық зауытында өрт тұтанды

04.06.2014
«Shell» xимиялық зауытында өрт тұтанды
«Shell» компаниясының Голландиядағы химиялық зауытында бірнеше жарылыс болып, ірі өрт тұтанған. Екі адам жеңіл жарақаттанды. Өрт салдарынан айналаға этилбензол тараған.
 
Бұл зат түрлі аллергиялық реакция тудыруы мүмкін. Құтқару қызметі  түтіннің іргелес аудан тұрғындарына қаншалықты қауіпті екенін тексеріп жатыр.
 
Зауыттан шығып жатқан жалын мен будақтаған түтін бірнеше шақырым жерден көзге шалынады. Әзірге, жарылыстың неден болғаны белгісіз.  
 
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу