Калифорния тарихындағы алапат өрт тұтанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Калифорния тарихындағы алапат өрт тұтанды

07.08.2018

Калифорнияның солтүстігіндегі орман өртінің аумағы 114850 гектардан асты. Тілсіз жау осы америкалық штаттың тарихындағы ең алапат өрт болып отыр. Президент Дональд Трамп Калифорнияда төтенше жағдай жариялап, оттың таралуын тоқтату үшін ағаштарды кесу қажеттігін алға тартты. Бір апта ішінде өрт Лейк және Мендосино округтарының айтарлықтай бөлігін шарпыған. Жалын 70 тұрғын үйді күлге айналдырып, енді 11 мың ғимаратқа қауіп төндіріп тұр. Қазір штатта аумағы әр түрлі ондаған өрт ошағы тіркелген. Бұл жерлерден ондаған тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу