Ресей астық келісімінен шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей астық келісімінен шықты

18.07.2023

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері Ресейдің астық келісімнен шығуын сынға алды. Яғни бұл шешім азық-түлік бағасының көтерілуіне әкеледі деп алаңдаушылық білдіріп отыр. Қымбатшылық әсіресе, кедей елдерге ауыр тиетінін ескертті. Айта кетейік, бір жыл бұрын жасалған құжат Украина астығын Қара теңіз арқылы экспорттуға мүмкіндік берген. Ал ресми Мәскеу апта басында бұл келісімнен шығып кетті. Себебін «аталған келісімдегі талаптарымыз орындалмады» деп түсіндірді. Ал талаптары орындалса, мәмілеге қайта келуді қарастыратынын мәлімдеді. Украина астығын Қара теңіз арқылы экспорттау келісімі БҰҰ мен Түркияның араласуымен жасалған еді. Ол бірнеше мәрте ұзартылды. Америкалық телеарналардың хабарлауынша, мәміле тоқтағаннан кейін әлемдік нарықта астық пен жүгері бағасы күрт қымбаттап кеткен.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу