Қарағанды облысында орман өртеніп жатыр
Қарағанды облысының Ақтоғай орман шаруашылығына қарасты Талдық таулы-орманды жоталарында өрт шықты. Төтенше жағдай қызметі тілсіз жауды өшіруге тікұшақ тартты. Жалпы өрт шалған аумақ 150 гектарды құрайды, соның шамамен 120 гектарында жалын сөндірілген. Әуе техникасының көмегімен 80 тоннаға жуық су төгілген. Оқиға орнында 114 адам мен 20 техника жұмыс істеп жатыр. Бұл өлке таулы-орманды болғандықтан жалын өршіген аумақтарға жедел жету, өшіру жұмыстары қиынға соғуда. Ұйытқып соққан жел өртті одан сайын өршіткен. Бүгін Қарағандыдан қосымша 5 техника мен 22 адам көмекке жіберілді.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қалбатауда спорт пен мәдениет мерекесі өтті
18.05.2026, 17:35
Түркістан облысының Тасты ауылы қайта түледі
18.05.2026, 17:33
М.Ысқақованың кітабы ЖИ көмегімен қайта шықты
18.05.2026, 17:30
АҚШ-та Мұхтар Мағауин орталығы ашылды
18.05.2026, 17:27
Ақтауда «Кітап керуені» көрме-жәрмеңке өтті
18.05.2026, 17:25
Олжас Сүлейменов тоқсанға толды
18.05.2026, 17:22
Елімізде 64 мәдени нысан салынып жатыр
18.05.2026, 17:20
Әйел саясаткерлерді арнайы оқыта бастады
18.05.2026, 17:15