Испанияның оңтүстігінде орман өртеніп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Испанияның оңтүстігінде орман өртеніп жатыр

25.03.2023

Испанияның оңтүстігінде орман өртеніп жатыр. Лапылдаған жалын 3 мың гектардай аумақты күлге айналдырған. Тілсіз жаудан Кастельон провинциясындағы 8 ауылға зақым келді. 1500-дай тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген. Өртті сөндіруге 500-дей маман тартылған. Олар 18 ұшақ пен тікұшақтардың көмегімен күні-түні жалынмен күресіп жатыр. Алайда күшті жел мен құрғақ әрі ыстық ауа-райы өрт сөндірушілердің жұмысын қиындатты.

Әзірге өрттің не себепті тұтанғаны белгісіз. Кейбір мәліметтерге қарағанда, ол ауыл шаруашылық жұмыстары кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталмауынан болуы мүмкін. Ал былтыр Испания аумағында 500-ге тарта өрт ошағы тіркеліп, 307 мың гектардан аса жерді күлге айналған.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу