Қостанайда орман өртеніп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда орман өртеніп жатыр

09.07.2021

Қостанайда орман өртеніп жатыр. От ошағы елді мекендерге жақын болғандықтан, қауіптілігі бесінші санат деп белгіленді. 

Дәуренбек Әбдібек, тілші:
Қостанай қаласыннан отыз шақырым жердегі орманның өрті баған басындағы электр сымдарының қысқа тұйықталуынан тұтанған. Орманшылар оны дер кезінде байқап жедел хабар бергенімен, қатты соққан жел отты өршітіп әкеткен. Кеше желдің жылдамдығы секундына 28 метрге дейін жетті. Байқасаңыздар, бүгін де екпіні бәсеңдеген жоқ. Өртті сөндіруге 200-ден астам адам мен 20 шақты техника жұмылдырылды. Авиация күші де пайдаланылды. Өрттің беті қазір қайтты. Бірақ толық өшкен жоқ. Әлі де шоқтанып жатқан жерлері бар. Сондықтан от қайта тұтанып кетпес үшін осы жерде кезекшілік ұйымдастырылған. Тікұшақ әлі де көкті шарлап, сол шоқтанған тұстарына су сеуіп жүр.

Алдына ала болжам бойынша, өртенген жердің аумағы 300 гектардан асады. Бірақ есептеу жұмыстары әлі жүріп жатыр. Сондықтан бұл көрсеткіш көбеюі мүмкін. Дәл қазіргі мақсат – оттың қайта тұтануына жол бермеу. 


Хабарламаларға жазылу