Грекияда орман өртеніп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Грекияда орман өртеніп жатыр

18.07.2023

Грекияда орман өртеніп жатыр. Жазғы лагерлерден мыңнан астам бала қауіпсіз жерге көшірілді. Жалын туристер арасында танымал курорттарды да шарпыған. Жалпы ел аумағында 81 өрт ошағы тіркелді. Олардың ең ірісі ел астанасы Афины маңында. Тілсіз жаумен күреске өрт сөндірушілер, сарбаздар, қажетті техника тартылды. Өрттің таралу аумағы кеңеюі мүмкін. Себебі күн қатты ысып, күшті жел тұрды.      


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу