Еуропаның орталығы мен оңтүстігінде дауылдан 13 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропаның орталығы мен оңтүстігінде дауылдан 13 адам қаза тапты

19.08.2022

Құрбандардың үшеуі – бала. Тағы ондаған тұрғын жараланған.

Сонымен қатар сұрапыл жел мен төпелеп жауған жаңбыр кезінде Италияда, Австрияда, Францияның Корсика аралында ағаштар құлап, үйлер зақымданды.

Еуропа континенті бұған дейін бірнеше апта бойы аптап ыстық пен қуаңшылықтан зардап шеккен.

Зерттеушілердің пікірінше, температураның мөлшерден тыс көтерілуіне және дауылдардың соңғы жылдары күшейіп, жиілеп кетуіне ғаламдық климаттың өзгеруі себеп.


Хабарламаларға жазылу