Испанияда аптап ыстық халықты әбігерге салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Испанияда аптап ыстық халықты әбігерге салды

12.07.2021

Испанияда күн ысып, сынап бағанасы 50 градусқа жуықтады. Аптап ыстық елдің оңтүстік бөлігінің тұрғындарын әбігерге салған.

Шыжыған күннен қорғану үшін олар көлеңке іздеп, су бұрқақтарын жағалауға мәжбүр. Ауа-райын бақылаушылардың сөзінше, күннің ысуына Африкадан жеткен ыстық ауа массасы себепші. Осыған орай ауа температурасы әдеттегіден 5-10 градусқа күрт жоғарылаған. Аптап ыстыққа байланысты ескертулер Испанияның орталық бөліктеріне де жарияланды.

Ал, АҚШ-та Жер бетіндегі ең жоғарғы ауа температурасы тіркелді. "Рейтер" агенттігінің хабарлауынша, Калифорния штатындағы Ажал аңғарында сынап бағанасы 54 градусқа көтерілген. Аптап ыстық АҚШ-тың солтүстік-батысының басым бөлігіне тарады. Метеорология қызметі мұндай ауа-райының балалар мен егде жастағы адамдар үшін қауіпті екенін ескертті.

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу