Азиядағы қауіпсіздік және ынтымақтастық форумы: Қазақстан өңірлік су-энергетикалық консорциум құруды ұсынады
Қазақстан өңірлік су-энергетикалық консорциум құруды ұсынады. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан Азиядағы қауіпсіздік және ынтымақтастық форумында Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу айтты. Сонымен қатар ол Орталық Азияға қауіп төндіріп тұрған негізгі мәселелерді айтты. Ең біріншісі су проблемасы. Оны тек бірлескен жұмыстың арқасында ғана шеше аламыз дейді ол.
Шекара дауы мен Ауғанстандағы ахуал да аймақ қауіпсіздігіне әсер ететін негізгі факторлар. Форумға ондаған елден 60-тан астам сарапшы келді. Олар екі күн бойы сары құрлықтағы ең маңызды мәселелерді талқылап, шешу жолдарын қарастарады.
Мұрат Нұртілеу, ҚР Сыртқы істер министрі:
Орталық Азиядағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету дегеніміз Ауғанстанда бейбітшілік пен тұрақтылық орнатуды меңзейді. Ауғанстан халықаралық қолдауды қажет етеді. Бұл елде бейбітшілік орнату тек Орталық Азияға ғана емес, сонымен қатар жалпы Азия мен Еуропадағы тұрақтылыққа тікелей әсер етеді. Осы мақсатта Қазақстан Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстанды тұрақты дамыту жөніндегі БҰҰ хабын құруды ұсынамыз.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04