Басты Жаңалықтар Үндістанда толассыз нөсер жауып, тасқын жүрді

Үндістанда толассыз нөсер жауып, тасқын жүрді

Үндістанда толассыз нөсер жауып, тасқын жүрді. Табиғи апаттан 22 адам қаза тапқан. Көшелер өзенге айналып, ел астанасы Нью-Делиде мектептер жабылды. Тасқыннан ғибадатханалар мен көпірлерге зақым келген. Билік тұрғындарға мейілінше үйде отыру қажеттігін ескертті. Химачал-Прадеш штатының басым бөлігінде жауынның 1 айлық мөлшері түскен. Мұнда ай басынан бері қаза тапқандардың саны 72-ге жетті. Айта кетсек, Үндістанда өткен айда жаңбырлы маусым басталды. Ол қыркүйекке дейін жалғасады.

Жапонияда да, дамылсыз жауын соңы лай көшкіні мен тасқынға ұласқан. 6 адам көз жұмған. Метеорологтр жауын әлі де жаууы ықтимал екенін ескертіп отыр. Тұрғындарға лай көшкіні қайталануы мүмкін екені айтылды. Жалпы, әлемнің бірқатар елінде соңғы күндері жауын-шашын күшейген. Ғалымдар мұны климаттың өзгеруімен байланыстырып отыр.

Арай Төлеген

Бөлісу