Отандық компаниялар «Иннопром» көрмесіне қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отандық компаниялар «Иннопром» көрмесіне қатысты

11.07.2023

Екатеринбургте өткен «Иннопром» өнеркәсіптік көрмесінде қазақстандық 250 компания өз өнімін ұсынды. Премьер-Министр Әлихан Смайылов халықаралық көрмені аралап, негізгі стратегиялық сессияның жұмысына қатысты. Шараға Армения, Беларусь, Қытай, Қырғызстан, мен Өзбекстан елдерінің өкілдері де келген. Көрменің негізгі бөлімдері металл өңдеу, көлік машинасын жасау, энергетика, автоматтандыру және робототехника, цифрлық өндіріс тақырыптарына арналған. Қазақстандық павильонның жалпы ауданы 900 шаршы метрді құрайды. Айта кетейік, Қазақстан Ресей арасында жалпы құны 17 млрд доллар болатын 40-қа тарта бірлескен жоба жүзеге асып жатыр. Тағы 14 млрд долларды құрйтын 55 жоба пысықталып жзатыр. «Тұтастай алғанда, қос елде де бизнестің өсіп келе жатқан белсенділігін ескере отырып, бірлескен жобалардың ағымдағы портфелін кеңейтуге мүмкіндік бар және оны пайдалану маңызды. Ол үшін бізде қажетті жағдайдың бәрі бар»,-деді Әлихан Смайылов.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:

Өңдеу өнеркәсібіндегі Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының оң қарқынын ерекше атап өткім келеді. 2019 жылдан бері екі ел өндірістік кооперация бойынша бірлескен іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асырып келеді. Бүгінде бірлескен жобалар пулымыздың жалпы инвестиция көлемі $33 млрд-тан асатын 125 жобаға дейін кеңейтілді. Оның ішінде жалпы құны $3,2 млрд-ты құрайтын 30 жобаны жүзеге асырдық.

Асима Нұрбайқызы


Хабарламаларға жазылу