Испанияда орман өрті дес бермей жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Испанияда орман өрті дес бермей жатыр

28.03.2023

Испанияда орман өртін бақылауға алу мүмкін болмай жатыр. Жалынның тез тарауына күшті жел, аптап ыстық және құрғақ ауа-райы себеп. Ұзақ уақыт бойы елді қуаңшылық жайлаған. Мың жарымдай тұрғын үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Өрт сөндірушілер елдімекендер мен ұлттық саябақтарды оттан қорғауға күш салып жатыр. Ел үкіметі өртті климаттық өзгерістердің нәтижесі деп мәлімдеді. Испанияда қазір бұл маусымға сай емес ыстық ауа-райы орнаған.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу