Елена Рыбакина «Уимблдон» турнирінің ширек финалына шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елена Рыбакина «Уимблдон» турнирінің ширек финалына шықты

10.07.2023

Әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина «Уимблдон» турнирінің ширек финалына шықты.

Қазақстандық теннисші 1/8 финалда дүниежүзілік рейтингте 13-ші орында тұрған бразилиялық Беатрис Хаддад-Майяны жеңді. Қарсыластар бұған дейін екі рет кездескен. Абу-Дабидегі жарыста Беатрис 2:1 есебімен басым түссе, Германиядағы додада жерлесіміз жарақат алып, бәсекені жалғастырудан бас тартқан еді. Ал, бүгін Бразилия өкілі бірінші сет аяқталмай жатып жарақат алып, матчты жалғастырудан бас тартты. Еленаның келесі қарсыласы ресейлік Екатерина Александрова немес Беларусь теннисшісі Арина Соболенко болуы мүмкін.

Хабарламаларға жазылу